Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне көңіл айтты

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

– Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық 6 азамат болған: Ақтау маңында әзербайжандық ұшақ апатқа ұшырады

Новости партнеров