«АрселорМиттал Теміртауда» тағы бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға кеше кешкісін болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, №2 қаңылтыр тарту цехының химиялық блогындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамды тоқ соққан. Оқиға орнына жедел жердем қызметі келіп алғашқы көмек көрсеткенімен, жұмысшы ауыр жарақатынан тіл тартпай кеткен. Қазір бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ мердігерлік ұйымының қызметкерінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.