Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 8 маусым сағат 18:30 шамасында болған. Жәңгір хан көшесі мен Исатай мен Махамбет ескерткішінің арасында №7 бағыттағы автобус пен "Лада Калина" көлігі соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл көліктің 18 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 18.48-де шақырылды.
БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің толықтыруынша, оқиға орнына құтқарушылар да барды. Олар жеңіл автокөлікте қыстырылып қалған марқұм жүргізушінің мүрдесын шығарды.
Ал автобуста зардап шеккендер бар-жоғы әзірге белгісіз.