Алматыда Lexus жүргізушісі екі адамды қағып кетті

Алматыда Lexus жүргізушісі екі адамды қағып кетті
Зардап шеккен екі адам ауыр жарақат алды, көлік жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Момышұлы көшесінде жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 автокөлігі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде «Алматы Аренаға» жақын маңда жолдың рұқсат етілмеген жерінен жаяу жүргіншілер кесіп өтпек болған.

Жүргізуші тежегішті басқанмен, тоқтап үлгермеген. Автокөлік бар жылдамдықпен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, салдарынан зардап шегушілер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, түрлі жарақат алған жүргізуші де жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында апаттың мән-жайын анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер, анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.


Новости партнеров