Облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барды.
Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңгеден көмек беретін болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
27 наурызда Ақтаудан ұшып шыққан Ми-8 әуе көлігі Қызылорда аумағында жерге құлап, түгел жанып кеткен болатын. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.
28 наурызда облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтып, қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.