Ақтөбеде 6-сынып оқушысы қорада асылып тұрған жерінен табылды

Ақтөбеде 6-сынып оқушысы қорада асылып тұрған жерінен табылды
Оқиға 27 қазанда Ембі қаласында орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында 6-сынып оқушысы өз үйінің қорасында суицид жасады. Ол асылып қалған екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, оқиға 27 қазанда Ембі қаласында орын алған. Қайғылы жағдайдан кейін бәрінің төбесіне жай түскендей болған.

Марқұм оқыған мектептегілердің айтуынша, оқиға балалар демалысында болған.

Білім беру мекемесіндегілер оқушылармен түгел психолгтар жұмыс істейтінін айтты. Алайда жеткіншек өлерінің алдында өзін қалай ұстағаны туралы айтқысы келмеді.

Сонымен қатар, аудандық білім бөліміндегілер де тіс жарғысы келмеді. Олар тек қазіргі уақытта жеткіншектің туыстарымен мамандардың жұмыс істеп жатқанын айтты. Ал полиция оқушының неліктен өзіне қол жұмсағанын анықтап жатыр. Салалық ведомстводағылар мұндай жағдайға қатысты пікір білдірудің өзі де қиын екенін жеткізді.

«Бұл жағдай жақындарының жанына батып отыр», - дейді білім бөліміндегілер.

Журналистер анықтағандай, оқушы отбасының тұңғышы болған. Оның 4 інісі мен қарындасы бар.

Новости партнеров