"Қабырғалары сынып, бауыры езілген": Оралда сырғанақ тепкен қыз ауыр жарақат алды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Оқиға 28 қаңтарда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда 16 жастағы қыз жеке демалыс базасында сырғанау кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 28 қаңтарда Свистун тауы аймағындағы жекеменшік демалыс орталығында болған.

"29 қаңтарда сағат 01:34-те облыстық балалар ауруханасына 2005 жылы туылған кәмелетке толмаған қыз түсті. Ол 28 қаңтар сағат 22:00 шамасында Свистун тауында сырғанақ теуіп жүргенде ауыр жарақат алыпты. Жағдайы ауыр, іштің жабық жарақаты, бауырдың езілуі, оң жақтағы 5, 6, 7 қабырғасының сынуы секілді диагноз қойылды", - делінген хабарламада.

Новости партнеров