«Төрт күдікті ұсталды»: Атырауда жас жігітті таныстары ұрып өлтіріп, көміп кеткен

«Төрт күдікті ұсталды»: Атырауда жас жігітті таныстары ұрып өлтіріп, көміп кеткен
Марқұмның мәйіті Орал өзенінің жағасынан қазылып алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адам өлтіру қылмысы Атырауда 9 сәуәрде болған деп жазады «Ақ Жайық» порталы. Облыстық Полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай сол күні ашты. Ұсталған 4 күдікті жас жігітті өлтіріп, оның мәйітін көміп тастағанын мойындаған.

«9 сәуір күні Орал өзеніне жақын маңда Бесікті мен Талқайран ауылдарының арасындағы жерден жас ер азаматтың мәйіті қазылып алынды. Ол азаппен өлтірілген. Бұл іс бойынша Атыраудың бірнеше тұрғыны ұсталды. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды», - дейді Полиция департаментінің баспасөз хатшысыНазымгүл Қайсағалиева.

«Ақ Жайық» тілшілері анықтағандай, 9 сәуір күні таңғы сағат 4 шамасында Атыраудың төрт жігіті 24 жастағы ер азаматты ұрып өлтіріп, мәйітті көліктің жүксалғышына салып, Орал өзенінің жағасына алып барған да, көміп тастаған.

Күдіктілердің екеуі 29-да, қалған екеуі 25 және 23 жаста.

Новости партнеров