Қызылордада емші кейпіндегі алаяқ ұсталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында емші кейпіне еніп, ақша алдап алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Онда бейтаныс әйел оған «сенде дуа бар, емдеп беремін» деп, сеніміне кіргені айтылған. Салдарынан оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша, алаяқ ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі - 500 мың теңге. 

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада киік атып алған 2 адамға қылмыстық іс қозғалды.


Новости партнеров