Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны өзінің ауласында асылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарауынша, тексеру барысында оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
«Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға себептері анықталуда», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.