Оқиға 7 шілде күні болған
Тепловоз машинисі ер адамды соғып кетті, деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға 7 шілде күні орын алған. ТЖД кезекші бөліміне тепловоз машинисінің темір жол үстінде бөгде адамның тұруына байланысты шұғыл тежегішті қолданғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Машинист тепловозды тоқтата алмады. Нәтижесінде Қостанай қалалық ауруханасының жарақаттану бөліміне 1980 жылы туған ер адам түсті. Оның мас болғаны анықталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановтың айтуынша, жәбірленуші ауруханадан өз еркімен шығып кеткен.