Қарулы Күштер Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері Қостанай облысындағы өртті оқшаулау жөніндегі іс-шараларға тартылды.
Өрт болған жерлерге елордалық әскери-көлік авиациясынан 121-ден аса десантшы, сондай-ақ, халықты эвакуациялауға көмек көрсететін жергілікті бригаданың тұрақты құрамынан 45 әскери қызметші келді", - делінген хабарламада.
Қостанай облысына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 25 арнайы техника мен 50 әскери қызметші жіберілген. Ал "Астана" өңірлік қолбасшылығынан шамамен 10 арнайы техника жіберілген.