Шымкентте жұбайымен ұрысып қалған әйел өзін өлтірмек болған

Шымкентте жұбайымен ұрысып қалған әйел өзін өлтірмек болған
Ауыр халде жеткізілген науқас орталықтың жансақтау бөлімінде сегіз күн бойында ес-түссіз жатыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте күйеуімен жанжалдасып қалған әйел сірке суын ішіп, өзіне қол салмақ болған. Отбасылық жанжалдан соң уланған келіншек қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.


Ауыр халде жеткізілген науқас орталықтың жансақтау бөлімінде сегіз күн бойында ес-түссіз жатыпты. Бүгін ғана беті бері қараған әйелді дәрігерлер жалпы бөлімге ауыстырды.

Ақ халаттылардың мұқият бақылауында болған науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық деп бағамдалуда.

«Әйелдің ішкі ағзасын күйік шалған. Күйіктің деңгейі де ауыр. Бұдан кейін де тыңғылықты, ұзақ ем қажет», -дейді дәрігерлер.


Новости партнеров