Алматы облысында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Тағы үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам мерт болды. Тағы үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«6 шілде күні сағат 20:40 шамасында «Ауди» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Рено» көлігіне соғылған. Салдарынан 5 адам мерт болды. Тағы үш кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақатымен Шелек ауруханасына түсті. Аталған факті ҚР ҚК 345 бабы 4-бөлігіне сәйкес тергелуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік көлік апаты Алматы-Көкпекті-Көктал тасжолының 181-шақырымында болған.


Новости партнеров