Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза тапқандардың тізімінде болған Түркістан облысының 20 жастағы тумасы Рамазан Әмірәлі тірі болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары айтты. Жас жігіт Шымкенттегі медреселердің бірінде оқиды, ақша табу үшін мегаполиске көшіп кеткен. Ақысы арзан баспана таңдаған және сол хостелде тұрған. Ол қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын туған жері Сарыағаш ауданына оралған.
Ата-анасы Ташкентте бірге тексеруден өту үшін оралуын өтінген, қазір Рамазан ата-анасының қасында.Түркістан облысында бір күн бұрын, 1 желтоқсанда "Алматы хостелінде" шыққан өрттің құрбандарын жерлеу рәсімі өтті. Шымкенттен 100 шақырым жердегі Сынтас ауылында 20 жастағы Бейбарыс Әлдібекті ақтық сапарға шығарып салды.
Алматыда бірнеше адамның өмірін қиған өрт 30 қараша күні, таңертең Әди Шәріпов көшесінде болған. Бұған дейін 13 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның ішінде: төртеуі – шетелдік (Ресейдің екі және Өзбекстанның ек азаматы), тоғызы – Қазақстан азаматы.
2023 жылғы 1 желтоқсанда хостелді жалға алушы ұсталды.
Оқи отырыңыз: Атырау облысынан қанша азамат әскерге аттанды