Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
23 сәуірде сағат 22:05 шамасында Ескелді ауданында үш адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды, деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаменті.
Zakon.kz мәліметінше, Қарабұлақ ауылында 19 жастағы Audi-80 жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, қолында екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кетті. Үш жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.