Ғимаратта бомба бар. Алматыдағы бірқатар мектептердің электронды поштасына таңертең дәл осындай қорқынышты хабарлама келіп түсті. Әлдебіреу қомақты қаржы талап еткен. Келіп түскен хатта ақша уақытылы жіберілмесе бомаба іске қосылады деп жазылған. Күдікті ұсталды ма? Кінәсі дәләлденсе, қандай шара қолданылады? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын айтсын.
Бұл – қаладағы нөмірі 81 мектеп-гимназиясы. Хабар түскен бойда бірден іштегі қызметкерлер сыртқа шығарылған. Бұл мектепте қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Соған байланысты мұнда мұғалімдер мен оқушылар болмаған. Мектеп айналасы, өздеріңіз көргендей, қызыл лента байланған.
Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері іштегі мұғалімдермен бірге басқа да қызметкерлерді эвакуциалады. Арнайы жасақ білім нысанының іші сыртын иіс сезгіш иттермен тінтіп, жедел жұмысқа кірісіп кетті. Қаннен қаперсіз жұмыс істеп жатқан мұғалімдер мен айналадағы тұрғындар не болғанын білмей дал.
БЛИЦ
- Осы мектеп жанындағы авто жөндеу орталығында жұмыс істеп жатқам. 1 сағат бұрын бізді эвакуацияланды. Әлі де 1-1,5 сағат күте тұрыңдар деді. Бірақ бұл уақыт әлі де ұзаруы мүмкін.
Бұл қаладағы нөмірі 81 мектеп-гимназиясы. Хабар түскен бойда бірден іштегі қызметкерлер сыртқа шығарылған. Бұл мектепте қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Соған байланысты мұнда мұғалімдер мен оқушылар болмаған. Мектеп айналасы өздеріңіз көргендей қызыл лента байланған. Тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері, өрт сөндірушілер қандай да бір оқиға бола қалса әрекет етуге сақадай сай.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бомба бар деп хабар түскен 34 мектептің бәрі де тексерілді. Нәтижесінде ешбір нысаннан жарылғыш зат табылған жоқ. Жалған ақпарат таратқан күдікті іздестіріліп жатыр.
«Қаламыздағы полиция департаментінің қызметтерінің өкілдері қазіргі таңда бұл хабарламаны жіберген білгісіз біреуді іздестіруде. Ол міндетті түрде ұсталып, ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, түнгі уақытта әлдебіреу қала мектептерінің электронды поштасына ғимаратта бомба бар деген хат жолдайды. Таңертең жұмысқа келген мұғалімдер мен мектеп директорлары 102 қызметіне хабарласады. Бастапқыда жұртты дүрліктірген мұндай хат 8 мектепке келіп түссе, кейіннен 12, араға уақыт салып тағы 34 мектепке жолданғаны анықталды.
Ұлағат Арғын, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы