Боксшы үшінші раундта нокаутқа түсіп, есінен танып қалған
Зимбабвелік боксшы Таурай Зимунья нокаутқа түсіп, өліп кетті. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24 жастағы боксшы үшінші раундта нокаутқа түсіп, есінен танып қалған. Спортшыға дәрігерлер келгенге дейін медициналық көмек көрсетілді. Оны ауруханаға жеткізді, дегенмен, ол сол күйде есін жиған жоқ.
Боксшы өлімінің себебі ресми түрде әлі айтылмады. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, ол нокауттан кейін миына қан кетіп, қаза болуы мүмкін.