Оңтүстік Кореяда есін жоғалтқан қазақстандық әйел әуежайда көмек күтеді

09.04.2020 17:45

Құжатқа сәйкес, оның есімі - Гүлмира Сафидина

Фото : Facebook Елена Просянникова

Оңтүстік Кореяда қазақстандық әйел есінен айрылды. Ол Инчхон әуежайындағы орыс тілді азаматтардан көмек сұраған, деп хабарлайды Stan.kz.

Facebook қолданушысы Елена Просянникова қыз туралы пост жазды, ол өзінің есімін ұмытқандығы жайлы және оның Оңтүстік Кореяда не істеп жүргенін білмейтінін айтты.

"Ол есін жоғалтқан, өзі туралы ештеңе айта алмады. Аты кім екендігі, қайда жұмыс істегендігі, қайдан келгендігі есінде жоқ. Таза көрінеді, ол адасқан адамға ұқсамайды", - деп жазды Просянникова.

Қыздың өзімен бірге шетелдік паспорты болған. Құжатқа сәйкес, оның есімі - Гүлмира Сафидина. Ол жақында 22 жасқа толды.

Пайдаланушылар қыздың Түркістан облысы Жетісай қаласында тұратынын, ал анасы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтіндігі жайлы жазды.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі жағдайды бақылауға алғандарын атап өтті.