Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Кеше «112» пультіне Қапал 1/1 көшесіндегі үйдің терезенен балалардың құлағаны туралы хабар түсті. 2011 және 2013 жылы туған балалар ата-ананың қарауынсыз қалып қойып, 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап түскен. Екеуі әртүрлі жарақаттармен №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді ТЖД өкілі.
2019 жылдың басынан бері дәл осындай 14 жағдай тіркелген (2018 жылы - 21), 1 жағдайдың арты қазаға әкелген (2018 жылы – 8), 13 жағдайда балалар ауруханаға жатқызылған (2018 жылы - 13).