Төлеби ауданындағы Ленгер өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті
Төлеби ауданындағы Ленгер өзенінің су деңгейі көтеріліп, екі тұрғын үйді су басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының Леңгір ауылында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Ленгер өзенінде су деңгейі көтерілген, арнасынан шыққан. Соның салдарынан екі жекеменшік тұрғын үй мен 25 ауланы су басып қалды», - делінген ТЖК хабарламасында.
Сондай-ақ, орта қысымдағы екі газ құбыры бүлінді, соның салдарынан жекеменшік секторында 83 абонент газсыз қалды.
«ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, «Қазселқорғау» ММ күшімен су басқа жаққа бұрылды. Сондай-ақ ұзақтығы 57 метр жағаны нығайту жұмыстары жүргізіліп, 350 текше метр су сорғыланды. Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаменті, Қазселқорғау және жергілікті атқарушы органдардың 126 қызметкері, 31 техника бірлігі және 14 мотосорғы жұмылдырылған», - деді комитеттен.