Зардап шеккендер саны 10-нан асып кеткен
Жамбыл облысында 11 автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті. Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны 10-нан асып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NEGE.KZ-ке сілтеме жасап.
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды. Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.