Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 3 тонна су тасмалдағыш құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт түні бойы сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 бірлік техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеуде.
«Өрт аумағы 3 гектарды, жалпы қоқыс тастайтын жердің ауданы 38 гектарды құрайды», - делінген ақпаратта.
Өрт орнында үздіксіз су беріліп жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Айта кетсек, қоқыс полигонынан өрт шыққаны туралы хабар Алматы облысы ТЖД-не 10 маусым күні сағат 14.26-да келіп түскен.