Беліне арқан байлап секірген әйелдің өлімі: күдікті анықталды

12.10.2021 20:21

32 жастағы нұсқаушы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған

Беліне арқан байлап биіктен секірген әйелдің өліміне қатысты күдікті анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аттракционның 32 жастағы нұсқаушысы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі хабарлады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 10 қазан Қарағандыда 33 жастағы келіншек 9 қабатты қонақүйдің төбесінен жерге құлап, ауыр жарақат алған еді. Соның салдарынан шұғыл түрде ота жасалғанымен, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. Роуп-джампингтен қаза болған әйелдің артында 2 баласы қалды. Алдын ала жасалған болжамға сүйенсек, азаматшаның өліміне арқанның созылмай қалуы себеп болуы мүмкін.  

Оқи отырыңыз: Экстремалды әткеншектер: қандай қауіпсіздік шараларын ұмытпаған жөн

«Күдікті Қазақстан Республикасы Процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.