5 минутта бала құтқарылды
Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып, құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.
19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылы 1993 жылғы тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған. Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап, шығарып алуға талпынған.
Баланың өміріне төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсінген құқық қорғаушылар өзге әріптестерін көмекке шақырған. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін абайлап әрекет ету қажет болды. Құтқару жұмыстарына 5 минуттай уақыт кетті.
Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өтті.
Оқи отырыңыз: Ауғанстанда әйелдер базары ашылды