Ақтөбе - Орск тас жолында белгісіз біреу ауыл тұрғынын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы туралы көріп, білген жүргізушілерді іздеп жатыр.
«3 қараша күні сағат 6:00 мен 7:30 аралығында Ақтөбеден Орск қаласына немесе Орск қаласынан Ақтөбеге бет алған жүргізушілерден көмек сұраймыз. Қала маңындағы Пригородный 1 ауылы маңында жаяу жүргінші мерт болған. Күдікті оқиға орнынан кетіп қалған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Видео тіркеу құралы бар көлік жүргізушілері мына байланыс нөміріне хабарласуды сұрады: 8/7132/936100, 936118, +7-776-546-6666, +7-778-000-2476.