Алматыда жоғалған қыздың денесі табылды

10.04.2019 19:26

Анастасия Галеева ақпан айында жоғалып кеткен болатын

Zakon.kz

Жоғалып кеткен Анастасия Галеева Алматы облысындағы каналдан табылды. Бұл қыздың әкесі айтты, деп жазды Zakon.kz.


«Бүгін таптық, Сарыбұлаққа баратын каналдан. Әпкем Алла Галеева оны таныды, қазір өзім Талғардың Ішкі істер бөліміне бара жатырмын», - деді Анастасияның әкесі Эдуард Галеев.

Анастасия Галеева ақпан айында жоғалып кеткен болатын. Анастасия 9 ақпанда Гете көшесіндегі үйден сағат 16:34-те шығып, «Жаңа Қуат» ықшамауданындағы құрбысына кеткен.

1 наурызда әлеуметтік желіде 22 жастағы қыз өлі күйі табылды деген ақпарат тарап, волонтерлер оны іздеуді тоқтатқан болатын.

Жоғалған қыздың жақындарының айтуынша, іске қыздың достарының қатысы бар болуы мүмкін. Өйткені олар қыздың 10 ақпанда таңғы 4-те өз өлімімен өлгенін мойындаған. Бірақ қорыққандарынан денесін жасырған.