Жол-көлік апаты Райымбек даңғылында болған
Алматыда қоғамдық көлік бағанға соғылып, соның салдарынан жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға Райымбек даңғылында болған. Полиция департаментінің берген мәліметінше, шығыс бағытқа қарай бет алған автобус жүргізушісі тізгінді басқара алмай, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында бағанаға соғылған.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан, қоғамдық көліктің бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталмыш материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісіне өткізілді», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.