Алматы облысында ұры 10 жастағы баланы пышақтап кетті. Оқиға Алакөл ауданының Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аудандық полиция бөлімінің ақпаратына сәйкес, 29 мамыр күні 10 жастағы оқушының үйіне ұры түсіп, ақша талап еткен. Артынша кәмелеттік жасқа толмаған балаға пышақ жарақатын салған. Қазір жәбірленуші Алакөл аудандық орталық ауруханасында жатыр.
Ал аудандық полиция бөлімі күдіктіге іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.