Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды
Маңғыстауда әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында сотталғандардың біріне арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде ұялы телефон табылып, тәркіленді. Қызметкерлер оны мекемеге келген әйелден тапты. Тыйым салынған зат кір сабынының ішіне жасырылған. Әйел құрылғыны күйеуіне осылайша жеткізбекші болған.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. Қызметкерлер тыйым салынған заттар мен есірткі заттарын кез келген айла-амалдармен өткізу әрекеттерінің жолын кесу бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді.