Қайғылы оқиға 23 тамызда сағат 08:45 шамасында болған
Ақтөбе облысында Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сайттағы деректерге қарағанда, оқиға 23 тамызда сағат 08:45 шамасында Самара-Шымкент автожолында, Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде болған.
Оқиғаның салдарынан 44 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.