Қарағандыда экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті

дереккөзден
дереккөзден
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қарағандыда сұмдық жайт орын алды. Автобус күтіп тұрған зейнеткерді экскаватор қағып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Көлік жүргізушісі егде жастағы әйел адамның хәлін көре тұра, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін оны полиция қызметкерлері ұстады. Анықталғандай, күдікті 61 жаста.

«Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында жаяу адамды қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайы анықталып жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылды


Новости партнеров