БҚО-да аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды

24.02.2022 19:48

Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстанда есірткі таратты деген күдікпен 2003 жылғы қыз ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оны жергілікті тәртіп сақшылары ізіне түсу арқылы анықтаған. Заңсыз затты тәркілеген полиция қызметкерлері есірткінің мөлшері аса ірі екенін хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

«Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған адамның орнынан жалпы салмағы 4.37 грамм 6 пакетке және жалпы салмағы 26.92 гр 40 пакетке салынған заттар алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған заттар синтетикалық есірткі мефедрон болып табылады», - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.