Орал – Атырау тасжолында «ГАЗель» көлігі өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елдімекенінің жанында өртенген.
«Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған.
Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.