Көлік коммуналдық тұраққа орнатылды
Елордада мемлекеттік жалған нөмірмен жүрген Toyota көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Кешкі сағат 20.00 шамасында Тәуелсіздік көшесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін тоқтатып, сол арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 595-бабының талаптарын бұзғанын анықтады»,– деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз хабарламасында жазылғандай, құжаттарды тексеру барысында қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін қойғанын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 4-бөлігі бойынша біле тұра жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды.
«Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Көлік коммуналдық тұраққа орнатылды. Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады»,– делінген хабарламада.