Алматыда бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға «Ұлжан» шағынауданындағы №152 мектептің маңында Тәкежанов көшесінде болған.
«18 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы 9, 6, 5 жастағы үш баланы жеткізді. Балаларды «Ұлжан» шағынауданында көлік қағып кетті. 5 және 6 жастағы балалардың кеуде қуысы органдары соққы алған. 9 жастағы баланың жарақаты жеңіл. Сондықтан ол амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді. Ал 5 және 6 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Белгілі болғандай, анасы мен балалары жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.