Астанада салынып бітпеген тұрғын үй кешені отқа оранды. Қызыл жалын сағат 15:00-де тұтанған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шыққан нысан Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан. Құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үй «ORDA INVEST» компаниясына тиесілі. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Қазір жалынның шығу себебі анықталып жатыр.
– Ең бірінші 6-өрт сөндіру бөлімі келіп жетті. Келген уақытта 1 және 2-қабатқа өрт таралған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді, – деді А. Забикулин атындағы өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Әділхан Талдыбаев