Ауыр жараланды: Алматыда манипулятор құлап 3 әйелді басып қалды

15.05.2019 20:37

Zakon.kz

Алматыда манипулятордың қатысумен төтенше жағдай орын алып, нәтижесінде үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгердің айтуынша, оқиға «Әйгерім-1» шағынауданында, «Снедь» дүкенінің жанында орын алған.

Қазіргі таңда зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жапа шеккен адамдардың №7 Қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылып, қазіргі таңда олардың жан сақтау бөлімшесінде екендігін хабарлап отыр.

Ал клиникадағылар әйел адамдардың денсаулықтарына қатысты мәлімет беруге асығар емес.

«Сот-медициналық сараптамасын тағайындайтын боламыз, соған қарай оқиғаны бағалаймыз», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.