Ақтөбеде 20 жастағы ер адам суға батып кетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Құтқарушылар азаматтың денесін 2,5 метр тереңдіктен алып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 20 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай кеше Қарғалы өзені, Солнышко бау-бақша ұжымы аумағындағы суға түсуге рұқсат етілмеген аймақта болған. Құтқарушылар азаматтың денесін жағадан 15 метр қашықтықта 2,5 метр тереңдіктен алып шықты.

– Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасы күндіз жылы болғанымен, түнде салқын екенін ескертеді. Суға түскен адамның буындары тартылып, батып кету қаупін жоғарылатады. Облыс тұрғындарына тыйым салынған орындарда суға түспеуге кеңес береміз, – деді облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Иса Байтұрсынов.

Оқи отырыңыз: Атыраудағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты

Новости партнеров