Батыс Қазақстан облысында полицейлер жарылғалы тұрған көліктен 3 адамды аман-есен шығарып алды. Түнгі уақытта Желаево ауылының маңындағы тас жолда 1 жүргізуші мен 2 жолаушы отырған көлік аударылып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv
Осы сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан полицейлер апатты байқап, бірден көлікті тоқтатып, жолаушыларды құтқаруға ұмтылған. Адамдар шығарылған соң бірнеше секундтан кейін автокөлік жарылып, отқа оранды. Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Арман Сарбалинов пен батальон қызметінің инспекторы Александр Калиничев көліктің кез-келген уақытта жануы мүмкін екенін біліп, өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды құтқарып қалды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше көрсеткен ерлігі үшін олардың лауызымы жоғарылайды.