Қазіргі таңда тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр
Қарағанды облысындағы шахтада өрт шықты. Оқиға кеше түстен кейін «Арселор Миттал Теміртау» Акционерлік қоғамының «Саран» шахтасында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеніш аумағында технологиялық кешеннің 2 галереясында конвейер таспасы мен ішкі ағаш қаптама жанып кетті. Өрт сағат кешкі бестер шамасында сөндірілген. Жалын жалпы ауданы 350 шаршы метр жерді шарпыған. Қазіргі таңда тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген. Ақпаратты төтенше жағдай департаменті беріп отыр.