Алматы облысында бір отбасының үш адамы батпаққа батып кетті

16.11.2021 21:10

Қайғылы оқиға «Талдықорған-Үштөбе» тас жолында болған

Instagram/kris_p_tdk

Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі батпаққа батып қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға «Талдықорған-Үштөбе» тас жолында болған. Азаматтардың жоғалғаны туралы хабар ең алғаш әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған еді. Көп ұзамай, облыстық полиция департаменті Қаратал ауданы тұрғындарын төңкеріліп жатқан көлік ішінен тапқан. 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 60 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, батпаққа батып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 47 және 19 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды»,– деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.