Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жамбыл облысында есірткі сақтаған 47 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Білегіне кісен салынған азамат өз моншасында кептірілген марихуана сақтап келген. Тәртіп сақшылары заңсыз затты тәркіледі, ал күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Тінту жүргізу кезінде үйіндегі моншадан ішінде жалпы салмағы 3 келі 676 гр кептірілген марихуана есірткі заты бар үш және бес литрлік ыдыс табылып, тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, есірткі құралдарын жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты. Қазіргі уақытта ол Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деді Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.