Оралда пойыз тағы бір ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 11 шілде күні Депо көпірі астында болды.
Жедел жәрдемге сағат 09.17-де қоңырау шалынып, бригада төрт минуттан кейін жетті.
Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.