Денесінің 75%-ын күйік шалған әйелге шұғыл шаралар қабылданып жатыр
Түркістан облысында ауызашар кезінде кафеде болған жарылыстан 1958 жылы туған ер адам мен 5 жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Денесінің 75%-ын күйік шалған әйелге шұғыл шаралар қабылданып жатыр.
«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, алайда науқастардың денесінің 95%-ын күйік шалғандықтан оларды құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады денсаулық сақтау департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін ауызашар кезінде кафеде газ жарылып, 8 адамның жарақат алғанын хабарлаған едік.