Б. Сағынтаев жазатайым мерт болған балалардың ата-анасына көңіл айтты

03.09.2021 22:07

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты

inform.kz

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты.

«Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. Полиция департаментіне мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым», – деп жазды қала әкімі twitter парақшасында.

Қайғылы жағдай Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданындағы Премьера тұрғын үй кешенінде орналасқан 14 қабатты үйде болды.


Теги: әкім бала