Тағы бір құтқару оқиғасы ұялы телефон камерасына түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскеменде төрт жасар бала аулада ойнап жүріп, сырғанақ құрылымының арасына аяғын қыстырып алып, өздігінен шыға алмады. Ата-анасы құтқарушыларды шақырды. ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен құрылымды ашып, баланы темірдің арсынан босатып алды.
ТЖ қызметінің мамандары атап өткендей, бала құтқару операциясы кезінде өзін тыныш ұстап, үрейге бой алдырмады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз: Жол апаты: мал шығынын кім өтейді