Жұмысшылар автоцистерна насосын жөндеп жатқан
Алакөл ұлттық паркінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде төтенше жағдай болды деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Салдарынан 1 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілген.
Оқиға бүгін Алматы облысы Үшарал қаласында сағат 15:00 шамасында болған. Жұмысшылар автоцистерна насосын жөндеп жатқан кезде жарылыс даусы естілген. Оның нақты неден болғаны әзірге белгісіз.
«Салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен 8 адам жеткізілді. Олардың бірі қайтыс болып, қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Н.Нұрахметов.