Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті
Биыл елімізде өрт салдарынан 228 адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, тәулік сайын ведомство бөлімшелері 100-ден 150-ге дейінгі шақыртуға барады. Олардың негізгі үлесі тұрғын үй секторындағы өртті өшіруге қатысты. Осы ретте өрт сөндірушілер жеке секторлардың тұрғындарын барынша сақтық шараларын ұстануға шақырып отыр.
«Биылғы тоғыз айда елімізде 9 мыңнан астам өрт тіркеліп, оның салдарынан 217 адам жарақат алды, 228 адам қайтыс болды. Жалпы, өрт 10,5 пайызға төмендегенін байқап отырмыз: тұрғын үй секторында 12 пайызға, көлікте 19 пайыза, бақылаудағы нысандарда 8 пайызға азайды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.