Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

Jaime Dantas/unsplash.com/
Jaime Dantas/unsplash.com/

30-31 қаңтарда өтетін халықаралық шара өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

30-31 қаңтарда өтетін халықаралық шара кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер қойылады.

Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін: Майлин көшесі, Құлжа тасжолы, Бұқтырма көшесі, ШААЖ, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Достық даңғылы, Жароков көшесі.
Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Елімізде тағы бір автожолда жылдамдық 60 км/сағ дейін шектеледі

Новости партнеров